Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Ахмет оқулары» қалалық сайысы

2020 жылдың  26 қазан  күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде онлайн режимде дәстүрлі қалалық «Ахмет оқулары»  сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын    кеңейту, оқушыларды ақындыққа баулу, шығармашылық  мүмкіндіктерін дамыту, қазақ халқының  ұлы  тұлғасы  Ахмет  Байтұрсыновтың жарқын өмірі мен шығармашылық  еңбегін  насихаттау.

Сайысқа қала мектептерінің 8 - сынып оқушылары қатысты.

 Сайыс 3 бағытта өтті.  «Ұлттың ұлы ұстазы» атты 1-бағытта орыс сыныптарының 8-сынып оқушылары  таныстырылым-конференцияға қатысып, А.Байтұрсыновтың мол мұрасы мен шығармашылығынан өздеріне тағылымы зор ғибрат алды. «Жыр мүшәйрасы» атты 2-бағытта оқушылар белгіленген  уақыт аралығында ұсынылған сөздер  негізінде табан астында өлең шығарып, ZOOM ның чатына жазды. Бұл бағытқа аралас мектептің қазақ сыныптарының 8-сынып оқушылары қатысты. Сайыстың 1,2 - бағыттары ZOOM платформасында өтті.

3-бағыт Google диск форматында өтті. Оған қазақ мектептерінен 2 оқушы сілтеме арқылы кіріп "Ахметтану білгірлері" брейн-ринг ойынының сұрақтарына жауап берді. Сайыс қорытындысында 1-бағытқа 20 мектеп қатысса, «Жыр мүшәйрасы»мен «Ахметтану білгірлері» брейн-ринг сайысына барлығы 23  оқушы қатысты. Ахаңның өмірі мен шығармашылығынан терең біліммен дайындалып келген мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Көзі тірісінде алты Алаштың көсемі атанған Ахаңның телегей мұрасын бүгінгі сайыста жас ұрпақ тағы бір сараптап, дәлелдеп  берді.