Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жас ұлан ғаламшары»

2019 жылы 30 маусым мен 3 шілде аралығында оқушылар шығармашылығы сарайының республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы комитеті Өскемен қаласы білім беру бөлімінің қолдауымен «Жігер» жазғы демалыс лагерінде «Жас ұлан ғаламшары» атты көшбасшылар мектебін өткізді. Бағыттары бойынша аталған мектеп кешенді болып табылды, яғни онда түрлі жоспарлы қызметтер болды, балаларды тәрбиелеу, сауықтыру, демалтудың түрлі бағыттары мен сауықтыру лагерьлері жағдайында көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Жасұландыктардың жазғы лагері алгаш рет Өскемен қаласында өтті, бұл Жастар жылына орайлас болды. Жазғы мектепке «Жас ұлан» РКК ББЖУ қалалық комитетінің өкілдері (8–11 сынып оқушылары), оқушылар шығармашылығы сарайының педагогтарынан барлығы 32 адам қатысты.

Қолайлы психологиялық жағдайдың арқасында қатысушылар бойларын еркін ұстап, шығармашылыкта да қарым-қатынаста да өздерін көрсете алды. Әр команда сайыстарға бірге дайындалып, спорт ойындарында жарысып, уйрететін шеберлік сабақтарына, тренингтерге қатыскандықтан одан ары жақын араласып, бірлікшіл болып кетті.

Бағдарлама балаларға басқарушылық әлеуеттерің айқындап, таланттарың көрсетуге, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға, белсенді, жауапты болып, өмірлік қызметтерін ұйымдастыру мәселелерін шығармашылықпен шеше білуге септігін тигізді.