Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы жанындағы кеңес қорытындысы 

2019 жылғы 25 қаңтар күні Өскемен қаласының мектеп, қосымша және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығындағы қала мектептері оқушыларының үлгерімі мен білім сапасының қорытындысын қарастыру, мектеп бітірушілерді сыртқы бақылауға дайындаудың тиімділігін арттыру мәселелерін және ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалу барысын талқылау үшін білім беру бөлімінің басшысы жанындағы кезекті кеңеске жиналды.

Білім бөлімі басшысының м.а. Жанат Айтпаева қатысушыларды кеңестің күн тәртібі мен регламентімен таныстырды.

2018 жылдың 1 қарашасынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға енгізілген түзетулер күшіне енді. Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д. Елубаев өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтті және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің жаңа стандарттары туралы әңгімеледі.

Дін істері жөніндегі бөлім оқушылар арасында іс-шаралар өткізу бойынша мектептермен әрдайым тығыз қарым-қатынас жасайды. Кеңесте қаланың мектептерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Дін істері басқармасының бас маманы А. Сабалакова қатысушылардың назарын оқушылар арасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттігіне аударды.

Білім сапасын бағалау бойынша әдіскер С. Алагузова 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығындағы оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы туралы айтты. Мониторинг нәтижелері бірінші тоқсанмен салыстырғанда екінші тоқсанда оқушылардың білім сапасы өсуінің оң динамикасын көрсетеді. Бірақ қаланың барлық мектептерінде оқу жылының соңына дейін оқушылардың білім сапасын 70% - ға дейін арттыру қажет.

Білім бөлімі басшысының м.а. Жанат Айтпаева оқушылардың білім сапасын арттыру мәселелерінің өзектілігін атап өтіп, Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының директорларына бірқатар тапсырмалар берді.

Мектеп түлектерінің білім сапасын бағалау үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу нысанында тәуелсіз сыртқы бақылау қолданылады. ҰБТ нәтижелерін талдау және түсіндіру оқыту сапасын арттырудың көптеген мәселелерін табысты шешуге, мектептің оқу қызметін жетілдіруде шаралар қабылдауға ықпал етуі мүмкін. № 5, 8, 9, 18, 20, 23, 29, 32, 36, 37, 39, 42 мектептерінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы, түлектерді сыртқы бақылауға дайындау тиімділігін арттыру бойынша қалалық білім бөлімінің әдіскері А. Нұрпейісова баяндады. Баяндамада оң сәттер де, мектеп жұмысын зерттеу барысында анықталған мәселелер да айтылды.

Қалалық "қауіп тобындағы" балаларды жұмыспен қамту бойынша қосымша білім беру ұйымдарының жұмысымен қатысушыларды эстетикалық цикл бойынша әдіскер Ж. Тюлюкова таныстырды. Ол оқудан бос уақытта "қауіп тобындағы" балалармен жүргізілген жұмыстың негізгі іс-шаралар мен бағыттар тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру шараларын іске асыру, білім беру мекемелері әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру, қазақстандық және ресейлік үздік мектептердің жұмыс тәжірибесін зерделеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы мектеп директорларына шешімдер шығарылып, тапсырмалар берілді.