Жарма ауданы мекемелерінде іс жүргізу және архив ісі бойынша оқу семинары өтті

Жарма ауданы мекемелерінде іс жүргізуді нормативтік талаптарға сай ұйымдастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды сапалы өңдеу мақсатында оқу семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің құжаттамаға жауапты мамандары оффлайн, сондай-ақ қала, кент және ауылдық округі әкімдері аппараттарының бас мамандары онлайн форматында белсене қатысты. 

image-1410-2357.peg

Семинардың күн тәртібінде іс қағаздарын жүргізу мен ведомстволық архив жұмысының негізгі бағыттары бойынша «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ Жарма филиалының архившілері Сахарина Жамал Нұртуғанқызы, Тажиева Асель Сакенқызы баяндааларын жасап, мынадай маңызды мәселелер қарастырылды:

image-1410-2358.peg

·         Нормативтік-құқықтық база: ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген Үлгілік құжаттар тізбесін, сақтау мерзімдерін белгілеу және құжаттаманы басқарудың қағидаларын қолдану.

·         Істер номенклатурасы: Іс индекстерін дұрыс қалыптастыру, тақырыптарды нақты ашу және жыл соңында номенклатураны нақтылау тәртібі.

·         Ғылыми-техникалық өңдеу: Құжаттарды жүйелеу, құндылығына сараптама жүргізу, тұрақты және уақытша сақталатын істерді қалыптастыру, сондай-ақ іс мұқабаларын ресімдеп, мемлекеттік архивке тапсыруға дайындау.

·         Практикалық шеберхана: «Құндылықтар сараптамасы» интерактивті сессиясы аясында қатысушылар құжаттарды тұрақты, уақытша сақталатын және жоюға бөлінетін санаттарға сұрыптау бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.  

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Өткізілген іс-шара жергілікті жерлердегі құжат айналымының тәртібін нығайтуға және архивтік істердің нормативтік талаптарға сай әзірленуіне септігін тигізетініне сенеміз. 

image-1410-2359.peg