Аягөз филиалы Аягөз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында «Архивтік анықтама беру» тақырыбында семинар өткізді
2026 жылғы 18 маусымда Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ- нің Аягөз филиалының архившілері Г.Д. Тоқтарова мен А.А. Айболова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Аягөз аудандық бөлімі мемлекеттік корпорациясының инспекторларына «Архивтік анықтама беру» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында "Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 561-НҚ бұйрығымен кейбір өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен таныстырды.
Семинардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері мен үзінділерін ұсыну тәртібі туралы жеке тұлғалар мен сала мамандарын ақпараттандыру.
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ- нің Аягөз филиалынында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыс жалғасуда.Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.Ағымдағы жылдың 18 мамырында "ҚР Электрондық үкіметі" веб-порталының қолжетімділігі ашылғанын, е-Архивке келіп түскен сұраныстар көрсетілмейтіндігін.
Штаттан тыс жағдай актісі бар екендігін айтты.
Мемлекеттік архивтан архивтік анықтама алу бойынша Сізге мемлекеттік қызметке қағаз түрінде тапсырыс беру керек, ол үшін:
- архивтан қандай ақпаратты, кімді және қай уақыт аралығында алу керектігін егжей-тегжейлі және нақты сипаттап жазу;
- бар болса, сұраныс нысанасына қатысты құжаттардың көшірмелерін (еңбек кітапшасы, диплом және т.б.) ұсыну қажет.
Семинар барысында ХҚКО мамандарымен өтініш беру кезінде кездесетін қателіктер қарастырылды, өтініштерді дұрыс толтыру бойынша ұсыныстар айтылды.Тәжірибеде кездесетін жағдайларды талқылап және сұрақтарға жауап берілді
Архив саласын цифрландыру және архивтік ақпараттың қолжетімділігін арттыру бағытында Аягөз филиалындаарнайы әзірленгенQR-кодты сканерлеу арқылы ашуға болатын гиперсілтемелері бар электрондық қысқаша анықтамалықпен таныстырды. QR-кодпен электрондық анықтамалыққа өту жолдарын көрсетті.
ХҚКО мамандарыөзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсініктемелер алды. Бұл өз кезегінде халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Семинар нәтижелі әрі мазмұнды өтті.