Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындау жағдайында 11-сыныпта Қазақстан тарихы бойынша білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты қалалық коучинг семинарын өткізу туралы

2022 жылдың 3 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің «№34 мектеп-лицейі» КММ-нің базасында "Оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындау жағдайында 11-сыныпта Қазақстан тарихы бойынша білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 11-сыныпта тарих пәнінен сабақ беретін мұғалімдер қатысты.
Семинардың мақсаты: 11-сынып оқушыларын қорытынды мемлекеттік аттестацияға сапалы дайындауға арналған құралдарды таңдау және сабақты дайындауда әдістемелік көмек көрсету бойынша мұғалімдердің ақпараттық өрісін кеңейту.
Семинар екі блоктан тұрды: теориялық және практикалық.
Семинардың теориялық бөлімінде оқытушылар Қорытынды аттестаттауға дайындау мен өткізудің негізгі нормативтік құжаттарымен, сонымен қатар бітірушілер сыныптарындағы білім сапасы бойынша диагностика нәтижелерімен танысты.
Семинардың практикалық бөлімінде «11-сынып оқушыларын ҰБТ процедурасына дайындаудың оңтайлы құралдарын таңдау және енгізу» тақырыбында коучинг өткізілді.
Семинардың тәжірибелік бөліміндегі бірлескен жұмыстың нәтижесі мұғалімдерге арналған «Әдістемелік қоржын» болды.
Іс-шараның соңында барлық қатысушылар Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ-ға дайындық бағытында осындай коучинг пен қалалық әдістемелік қорды толықтыру қажеттігін атап өтті.
Семинарға қала бойынша барлығы 50 мұғалім қатысты.