Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«ІТ жоба 2022» жобалар сайысы

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  аясында Өскемен қаласында жыл сайынғы «Smart Еducation-Өскемен 2022»  ІТ – форумы өткізілді.  ІТ – форумның конкурстық іс шараларының бірі - «ІТ жоба 2022»  жобалар сайысы  2022 жылдың 18 ақпан мен 5 наурыз  аралығында білім беру бөлімінде онлайн режимінде өтті.

Байқаудың мақсаты: балалардың зерттеу дағдыларын дамыту және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған үздік IT-шешімдерді анықтау және қолдау. Байқау екі кезеңнен  тұрды: іріктеу және ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн кезең. Байқауға қатысуға  робототехника, бағдарламалау, мобильді қосымша, 3d модельдеу бағыттары бойынша 30-дан астам оқушы өтінім берді. 18 үздік жоба екінші кезеңге өтті. Қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларымен бөлісіп, құзыретті қазылар алқасының алдында ІТ - жобаларын қорғады. ІТ-жобалар байқауының жеңімпаздары «Smart Еducation-Өскемен 2022»    ІТ – форумының қорытынды салтанатты шарасында марапатталады.