Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу» атты бастауыш сыныптардың педагог - психологтарына арналған консультациялық практикум

ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында жас педагог-психологтар үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша қалалық консультациялық  практикум өткізілді.

Білім бөлімінің әдіскері А.Д.Нугумарова «Мектеп ортасында инклюзивті білім беруді психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында ақпарат берді.

 Директордың ТЭЖ жөніндегі орынбасары, педаго - психолог Н.А.Ориненко «Көп бейінді мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін жағдай жасау» туралы айтып өтті.

Педагог-психологтар А. С. Чечулина, А. С. Боровикова, Е. А. Третьякова психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің жұмысымен таныстырды. ЕББҚ ететін оқушылармен  жұмыста қолданылатын диагностикалық әдістемелерді, түзету-дамыту сабақтарының қызықты кешенін ұсынды.

Педагог - психолог А.Д.Зейнолдина «Педагог - психологтың ЕББҚ (ерекше білім берілуін қажет ететін) ететін балалармен практикалық қызметіндегі нейропсихологиялық тәсіл» жұмысын ұсынды және практикада білім беру ортасында одан әрі қолдану үшін іс -шараға  қатысушылармен  жаттығулар  пысықталды.

Соңында кері байланыс жүргізу барысында қатысушылар аталған іс -шараның жоғары дайындық деңгейін, өзектілігін және практикалық маңыздылығын атап өтті.