Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Білім беру ортасында суицидтің алдын алу бойынша ӘПҚ алгоритмі

Суицидтік бағдары бар жасөспірімдермен  жеке түзету жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар». Қала мектептерінің педагог-психологтарына арналған семинар.

2021 жылдың 24 қарашасында №20  ҚББ әдістемелік қызметтің жетекшілігімен қала мектептерінің педагог-психологтарына « Білім беру ортасындағы суицидтің алдын алу бойынша : ӘПК  іс-шараларының алгоритмі. Өзіне-өзі қол жұмсауға бейім оқушылармен жеке түзету жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар» тақырыбында  семинар өтізілді.  Іс – шараны мақсаты :  Ұсынылған тақырып бойынша өзекті мәселелерді жаңарту және қала мектептерінің педагог-психологтары арасында тәжірибе алмасу. Іс - шара барысында педагог- психолог: Серикбаева М.Н - «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» және Иванова С.А - «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы N4 орта мектебі»,  балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық қызметінің ерекшеліктеріне тоқталып, кең ауқымды мәселелер айтылды.
Тәжірибелік іс-шара барысында, семинар қатысушыларына тәуекел тобындағы  жасөспірімдерді  анықтау мақсатында жүргізілетін базалық сауалнамамен қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде нақты ақпарат алды.Семинар-практикумның өтуі әріптестер арасында жоғары бағаланды.