Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Qabilet " қызметі-балалардың қабілеттерін анықтау жүйесі

Тұңғыш Президент Қорының "Ел Үміті" бастамасы аясында ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысында Qabilet қызметі іске қосылады.

Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен іске асыруда.

"Qabilet" қызметі қабілет деңгейін анықтау бойынша тестілеуден өтуді және одан әрі оқыту мен дамыту бойынша консультация беруді қамтиды. Диагностика ата-аналарға балалардың қабілеттері мен жасырын дағдыларын ашуға көмектеседі, сонымен қатар қазіргі, тез дамып келе жатқан әлемде баланың даму траекториясын құруға көмектеседі.

Бірінші кезеңде жобаға 10-11 жастағы оқушылар қатыса алады. Келесі кезеңдерде мектеп жасына дейінгі және 17 жасқа дейінгі балалар қамтылады.

Қызмет ақысыз негізде ұсынылады және осы жастағы әр оқушыға қол жетімді. Тестілеуден өту үшін тіркелу Qabilet онлайн платформасында https://qabilet.elbasyacademy.kz/. жүргізіледі.

Тестілеу қорытындысы бойынша психолог мамандар балаларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға баланың әлеуетін дамыту бойынша кеңес қолдау көрсетеді.

Біздің өңірде "Qabilet" қызметі Өскемен қаласы, Увалиев көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан. Үйде тестілеуден өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқушылар тестілеуді осы орталықта оффлайн режимінде тапсыра алады.