Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«№29 қосымша білім беру мектеп – орталығы» КММ жазғы демалыс кезінде балаларды жұмыспен қамту туралы

«№ 29 ҚБМО» оқытушылары жазғы демалыста балалардың бос уақыттарын қамту жұмыстарын жалғастыруда. Жазғы демалыстар қызықты және пайдалы өтуі керек. Қосымша білім беретін ұстаздардың басшылығымен балалардың кезекті тобы ШҚО ТЖ Департаментінің орталық құтқару станциясына барды. Бұл сапарда балалар бірінші кезекте судағы қауіпсіздік ережелерімен танысты. сондай-ақ суға батқан адамға алғашқы көмек көрсетудің негізгі ережелеріне үйренді. Практикалық сабақтар балаларға үлкен қызығушылық тудырды. Станция құтқарушылары сүңгуірдің жабдықтары туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Балалар тыныс алу аппараты арқылы сығылған ауамен дем алып көрді. Олар өз күштері мен дағдыларын құтқару құралдарын пайдалану арқылы көрсетті. Педагогтар мен құтқарушылар, балаларға құтқару шеңбері мен құтқару ілмегін  дәлме дәл лақтыру сайысын ұйымдастырды.

Жүзу құралдарын дұрыс пайдалану ережелері үшін жеке кезең берілді. Балаларға қайыққа қалай дұрыс отыру, қайықпен жүру және ең алдымен суда өзін қалай ұстау керектігі туралы ережелер түсіндіріледі. Құтқарушылардың бақылауымен қайықпен өз бетінше жүзу ерекше қуанышты болды. Сапар барысында балалар қажетті білім мен суда өзін-өзі ұстау дағдыларын алды. ШҚО ТЖ департаментінің құтқарушыларына, осы іс-шараларға, балалармен өте кәсіби және шынайы қарым-қатынаста болғандары үшін ерекше алғыс айтқым келеді.