Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Павлодар қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XI республикалық жарыстарға «№ 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығы командасының қатысуы туралы

2021 жылдың 29.06 мен 03.07 аралығында Павлодар қаласында жастар арасында өртте құтқару спорты бойынша ХІ Республикалық чемпионаты өтті. Жарыстың ұйымдастырушылары болып ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі және ҚР Өрт сөндіру және құтқару спорты федерациясының қоғамдық бірлестігі болды. Мықтылар атағы үшін, барлығы 200-ден астам жас спортшылар болып 17 команда кірді. ШҚО ұлттық құрама командасын, Өскемендегі өртте-құтқару спорт секциясына қатысатын жас құтқарушылары құрады.

Жарыстың төрт күні ішінде балаларға 100 метрлік кедергілер жолағынан өту, оқу мұнарасына шабуыл сатысымен көтерілу, өрт эстафетасы және құралдарды жауынгерлік орналастыру күтіп тұрды.

Бірінші кезеңде шабуылдаушы баспалдақпен көтерілу сайысында, біздің команда жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Жеке біріншілікте Колмаков Глеб (кіші топ) екінші орынды, Коршак Виктор (орта топ) бірінші орынды және үлкендер тобында Әбілбаева Дінмұхамед 2 орынды иеленді.

Екінші күні командалар жүз метрлік кедергілерден өту үшін жарысты. Бұл жерде де біздің жас құтқарушылар өз шеберліктерін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл кезеңде жеке біріншілікте Колмаков Глеб (кіші топ) үшінші орынды, Коршак Виктор (орта топ) бірінші орынды иеленді.

Жарыстың үшінші күні біздің балалар үшін сәтсіз болды. Өрт эстафетасы кезеңінде соңғы кезеңдегі техникалық қателікке байланысты - ыстық сұйықтықты сөндіру командасы ұпай жинай алмай қалды. Балалар жабырқап қалды. Бірақ тәжірибелі жаттықтырушы Филатов Михаил Владимирович, төртінші қиын кезеңде-жауынгерлік құралдарды жаюдың арқасында біздің жас құтқарушылар өзінің шеберлігі мен командалық бірлігін көрсетті және Қазақстанның жаңа рекордын орнатып, бірінші орынға ие болды. Біздің команда өздерінің ерік-жігерлі ойындарымен ең күшті команда дегенді, бекер айтылмайтындығын тағы бір рет дәлелдеді.

Жарыс соңында балалар өз шеберліктері үшін приздармен және сыйлықтармен марапатталды.

Осы чеспионаттың нәтижесі бойынша 2021 жылғы тамызда Хорватияда өтетін жасөспірімдер арасындағы өртте сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатына ҚР құрамасына ең үздік балаларды іріктеу жүргізіледі.