Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Оқушылар шығармашылық сарайында «Астана күні»

«Астана күні» - бұл бүкіл ел тойлайтын мереке! Біздің елорда Нұр-Сұлтан - бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің, оның табыстары мен жетістіктерінің символы. «Астана күнін» мерекелеу аясында биыл Оқушылар сарайы бірнеше мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.

3 шілдеде Оқушылар сарайында жазғы өнер мектебіне қатысатын балаларға арналған «Отан - отбасынан басталды» интеллектуалды ойыны өтті. Балалар елорда Нұр-Сұлтан және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы туралы қызықты сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, 3 шілдеден бастап Сарайдың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан кез-келген адам «Нұр-Сұлтан - Қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» атты онлайн-көрмеге қойылған оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан ләззат ала алады.

Мерекелік іс-шаралардың әрбір қатысушысы үшін астанамызды туған күнімен жеке құттықтау өте қуанышты болды!