Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мектептегі тәжірибелік-эксперименттік жұмысты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»  вебинары

2020 жылғы 28 қазанда педагог-психологтар мен директордың тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектептегі тәжірибелік-эксперименттік жұмысты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты кезекті вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты мектептердің тәжірибелік-эксперименттік қызметі мәселелері бойынша педагог-психологтардың, ТЭЖ жөніндегі орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Білім беру мекемесінің эксперименттік іздестіру-зерттеу қызметі қазіргі уақытта қарқынды түрде жаңартылып, шағын ортаның ерекшеліктерін, өз мүмкіндіктерін, уақыт пен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жетілдірілуде және оқыту мен тәрбиелеудің оңтайлы нұсқаларын жасау үшін негіз болып табылады.

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдіскерлері А.Д.Нугумарова, Л.С.Сапарова, педагог-психологтар И.А.Сложеникина, М.В.Бородина мектептің білім беру үдерісінде тәжірибелік-эксперименттік жұмысты дамыту бойынша нақты ұсыныстар берді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелерін бағалаудың тиімді әдістемесін тәжірибеде қолдану үшін ұсынды.