Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қалалық вебинардың өткізілуі туралы

2020 жылдың 15 қазан күні № 5 орта мектебінде «Қашықтықтан оқыту барысында, бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында,  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің қалалық вебинары өтті.

Вебинардың мақсаты: Қазіргі уақытта өзекті болып отырған БЖБ - ды дұрыс ұйымдастыру жолдарын көрсету болды.

Вебинарда мұғалімдерге бағалау құралдарының ұйымдастыру үдерісі,тапсырма құрау кезінде мұғалім нені ойлаған жөн сонымен қатар, бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу кезінде есекеретін  ұсыныстар берілді. Мұғалімдер мысал ретінде БЖБ көрсетіп, оны  қалай тиімді ұйымдастыру қажеттігін  айтып берді.