Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Кundelik-талдаушы бақылай жүйесіндегі  мүмкіндіктер» атты  жалпы мектептің ата-аналар жиналысы

2020 жылдың 15 қазанында онлайн режимде  Zoom платформасында ата-аналар және оқушыларға арналған  «Кundelik-талдаушы бақылай жүйесіндегі  мүмкіндіктер» атты  жалпы мектептің ата-аналар жиналысы өткізілді. Соңғы жылдары  ақпараттандыру  мектеп қызметіндегі  басты  бағыт болып табылады. Қазіргі ақпараттық қоғам білім беру процесін ұйымдастыруға өте жоғары талаптар қояды. Әр оқушының, жалпы сыныптың және нәтижесінде мектептің білім сапасын арттыру мақсатында ата-аналарға оқушының жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін есепке алу, бағалау және салыстыру жүргізетін «Кundelik-талдаушы» ААЖ мүмкіндіктері туралы жалпы сыныптың орташа көрсеткіштерімен ақпараттандырылды. БЖБ, ТЖБ, формативті бағалауға арналған тапсырмаларды жазу нәтижелері бойынша баланың сыныптағы орнын көруге болады. Ата-аналар Алипова Алима Кабдульашимовна, Токарева Наталья Викторовна және  Евсеева Алёна Рахимовнаға  жиналыс барысында  танытқан белсенділіктері мен  кері байланыс орнатқандары үшін алғыс білдіреміз. Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елена Витальевна Семилет және  директордың бейіндік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары Елена Александровна Королева ұйымдастырды.