Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Рухани келісім күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы

Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ 2020 жылғы 12-16 қазан аралығында Рухани Келісім Күні аясында іс-шаралар өткізілді.

3-11 сыныптарда сынып сағаттарында бейнефильмдер көру ұйымдастырылды:

·         «Қазақстандағы конфессияаралық және этносаралық келісім»;

·         «Қазақстандағы конфессияаралық келісім Еуропалық Парламентте жоғары бағаланды»;

·          «Рухани келісім - бірлік пен консолидацияның негізі».

Тарих және дінтану сабақтарында әңгімелер жүргізілді:

·         «18 қазандағы мереке тарихынан» - (8 сынып)

·         «Конфессияаралық келісім - Қазақстанның рухани өркендеуінің кепілі» - (9 сыныптар)

·         «Адами құндылықтар - әлемдік діндердің негізі» - (10-11 сыныптар)

3-11 сыныптар сынып сағаттарында оқушылар «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» презентациясының материалдарымен танысты.

1-4 сынып оқушылары 30 адам көлемінде «Әлем. Достық. Келісім»  мектеп сурет байқауына қатысты.

Өткізілген іс-шаралар туралы есеп ата-аналар чаттарына, мектеп сайтына және Өскемен қаласының білім бөлімінің сайтына жіберілді.