Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Шебер-сынып: «Дәрілік шөптерден саше»

Өскемен қаласының қосымша білім беру педагогтарына арналған шебер-сынып қалалық білім беру бөлімімен, «Оқу-зерттеу экобиоорталығымен» ұйымдастырылды және өткізілді. Шебер-сыныпты  «Фитодизайн және өсімдіктерді өңдеу» үйірмелік бірлестігінің жетекшісі,  фитодизайн бойынша халықаралық конкурстардың лауреаты - Быкова Зоя Прокопьевна өткізді. Іс-шараның тақырыбы: «Дәрілік, хош иісті шөптерден саше даярлау».

Іс-шара нысаны – жағымды иіс беру үшін төсек-орынға салынатын,  хош иісті заттармен толтырылған, кішкентай сәндік жастық. Саше, попурри, хош иісі бар шөптердің қоспасы – бұл тұрмыста қолданылатын зат қана емес,  сонымен қатар, жанға жақын адамға көңіл мен қамқорлықты көрсету тәсілі.

Мақсатына байланысты бұл қоспа бөлмені хош иістендіруге, әртүрлі тағамдарды дайындауға және ұйықтатуға қолдануға болады.