Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Оқушылар педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтады

2020 жылдың 1 қазаны мен 5 қазаны аралығында "М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі" КММ оқушылары, педагогтары мен ата-аналары Қарттар күнімен және Халықаралық Мұғалімдер Күнімен құттықтау үшін, педагогикалық еңбек ардагерлерінің пәтерлеріне барды. Ардагер-педагогтар балалармен әңгімелесіп, оларға мектеп тарихынан, өздерінің педагогикалық қызметі туралы көптеген қызықты мағлұматтар берді, ал балалар оларға қашықтықтан оқыту жағдайында оқытудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Кездесулер мейірімді, тілектес жағдайда өтті. Ардагерлерге балалар мен олардың ата-аналары шағын сыйлықтар әзірлеп,  гүл сыйлады. Мереке құтты болсын, құрметті еңбек ардагерлері! Дендеріңіз сау, аман-есен болыңыздар!