Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Күнделік» электронды журнал мен күнделіктерінің жұмысы бойынша семинар өтті

2020 жылдың 21 қыркүйек Өскемен қаласының білім беру бөлімі қала мектептері директорларының орынбасарларымен онлайн түрінде «Күнделік» электронды журналы жүргізу бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында білім бөлімінің әдіскері Н.Капчикова қала мектептеріндегі электронды журналды толтыру мониторингімен таныстырды. «Күнделік» ААЖ-ны сапалы, уақтылы толтыру, мектеп мұғалімдерінің ата-аналар мен оқушыларға кері байланыс беру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.