Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Online Mektep"платформасы бойынша вебинар өтті

2020 жылдың 22 қыркүйек күні  Өскемен қаласының білім бөлімінде  "Online Mektep" білім беру платформасында сапалы жұмысты ұйымдастыру бойынша вебинар өткізілді. Вебинарға білім бөлімінің әдіскері Н.Капчикова, "Bilim Media Group" компаниясының тренері А. Утаралиев, қала мектептерінің директордың  орынбасарлары қатысты. Жұмыс барысында қатысушылар жаңашылдықтармен және осы платформа арқылы оқушыларды оқытудың түрлі тәсілдерімен танысты. Компания тренері цифрлық модульдің функционалын, оқыту мониторингін, оқушылармен кері байланыс ұйымдастыру тәсілдерін көрнекі түрде көрсетті, педагогтардың сұрақтарына жауап берді. Вебинарда білім беру платформасы бойынша өзекті "практикалық" сұрақтар қозғалды, оларға толық  нақты жауаптар берілді.