Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жұмыс старты»

Оқу жылы басталды, ал онымен бірге Оқушылар шығармашылық сарайы өзінің тәрбилік жұмысын да бастады. Қыркүйек айының бірінші жартысында 12 онлайн-іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларға қаланың 21 мектептерінен 282 бала қатысты.

Барлық іс-шаралар өз жобаларының аясында өткізілді:

 1 - «Этнопедагогика» жобасы - «Туған тіл тірлігімнің айғағы» білімпаздар конкурсы.

2 - «Біз әр түрліміз – біз теңбіз» жобасы - «Ғажайыптар корпорациясы» интеллектуалдық турнир.

3 - «ЭКО-life» жобасы - «Менің ЭКО-жолым» коучинг.

4 - «Profi-Art» жобасы - «Мамандық таңдау себептері» тренингі.

5 - «Туған жер» жобасы - «Әлемдегі ең үздік қала» саяхат.

6 - «Ай қонағы» жобасы – Павлодар облыстық мұрағатының басшысы Байзельдинова Мәншүкпен кездесу.

7 – Өскемен қ. 300 жылдығына арналған фото-челлендж. Қорытынды шығарылып, жеңімпазға кітап сыйланды.

8 – «Рухани жаңғыру» ӘДО – 8-10 сынып оқушыларының арасында «Үш тұғырлы тіл» викторинасы.

9 - 8-10 сынып оқушыларының арасында «Мектептегі өзін-өзі басқару: көшбасшы және оның командасы» атты іскерлік ойын.

Сонымен қатар, Сарай Қала күнін мерекелеуге белсенді қатысты: челендждер, көрмелер мен конкурстар. 20 қыркүйекте «Тіл-достықтың көпірі» атты Қазақстан Халқының Тілдері күніне орай викторина өткізілді.