Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

№11 мектеп- лицейінде 1 қыркүйек - «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» білім күніне арналған алғашқы қоңырау мерекесі туралы

№11 мектеп - лицейінде 1 қыркүйек - «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» білім күніне арналған алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Бірінші сынып оқушылары сынып сағаттарын күндізгі форматта өткізді. Алғашқы қоңырау мерекесінің тұжырымдамасына сәйкес, 1- сынып мектеп ғимаратына орталық кіреберістен кірді, топтар арасында 15 минуттық үзіліспен, сынып сағаты аяқталғаннан кейін олар мектептен апаттық шығу жолы арқылы шықты.
Санитарлық және эпидемияға қарсы режимнің қатаң сақталуын, бетперде режимінің сақталуын және кемінде 1-1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ету;
2-11 сынып оқушылары сынып сағаттарды қашықтық форматта онлайн платформалар арқылы өткізді.
Мектептің веб-сайты мен Instagram парағындағы schoollyceum11uka мектеп оқушылары дайындаған құттықтау видеоларын ұсынды.