Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып балалар қозғалысының жұмысын қалай тиімді ұйымдастыруға болады» вебинары

2020 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің секцияға арналған Өскемен қаласы Оқушылар шығармашылық сарайы РҚБОӘО қолдауымен Республиканың Оқушылар сарайы, орталықтары, шығармашылық үйлерінің директорларына, әдіскерлеріне, педагогтарына арнап «Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып балалар қозғалысының жұмысын қалай тиімді ұйымдастыруға болады» вебинарын өткізді.Оқушылар шығармашылық сарайының директоры Г.В. Асташкина вебинар қатысушыларына құттықтау сөздерін жолдады. Әдіскерлер Р.Р. Сембаева мен Р.М. Ақжолов қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып балалар қозғалысының жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, Оқушылар шығармашылық сарайының «Жас Ұлан» БЖҰ РБҚБ комитетінің төрағасы Глеб Птухов әлеуметтік желілерде балалар қозғалысының қызметін баяндау бойынша жүргізілетін жұмыстың ерекшеліктері жайлы толыққанды баяндап берді. Сондай-ақ вебинардың қатысушыларына «Жас Ұлан» қалалық комитетінің мүшелерінен балалар қозғалысының өкілдерімен онлайн режимінде отырыстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша бейне лайфхак ұсынылды.