Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қағаздан жасалған жазғы гүлдер»

16 шілде күні Жас техниктер станциясының сайтында «Қағаздан жасалған жазғы гүлдер» атты қашықтық көрме жұмыстары өтті. Онда «Дизайн әліппесі» үйірмесінің қатысушылары өздерінің гүл жасаудағы шеберліктерін көрсетті. Қарапайым қағаз бұйымдары жас шеберлердің қолында сиқырлы таяқшаның күшімен нәзік те әдемі гүлдерге айналғандай болды. Бұл құбылыс барлық сайт қатысушылары мен ата-аналарға үлкен ләззат сыйлады.