Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Біргеміз: ТҮЛЕК-2020» мектеп бітіру салтанатты  аттесттат тапсыру рәсімі ұйымдастырылды

3 маусым күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының аяқталуына арналған «Біргеміз: ТҮЛЕК-2020» атты мектеп бітіру іс-шарасы өткізілді. Аттесттат тапсыру салтанаты рәсімінде түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында пандемия кезіндегі санитарлық-гигиеналық шектеулер сақталды.  Мектеп бітіру іс-шарасы бітіруші 11А және 11Б сынып оқушылары мен ата-аналарына жеке-жеке мектеп ауласында ұйымдастырылып өткізілді.

ҚР Мемлекеттік Туы көтеріліп, Гимн орындалды. Жас түлектерді мектеп әкімшілігі мен ата-аналар, сынып жетекшілері құттықтап ақ жол тіледі. Түлектер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Білім нәрімен сусындатқан мектебі мен ұстаздарына алғыстарын білдіріп, әсем ән шырқады.

Мектеп бітіргелі отырған 49 түлекке аттестат табысталды. Оның 1 ерекше үлгідегі аттестат алса, 7 оқушы «Алтын Белгі» иегері атанды. Мектеп қабырғасында 11 жыл бойы белсенділік танытып, қоғамдық іс-шараларда бой көрсеткен мектепішілік «Жас ұлан» ұйымының белсенділері де марапатталды.

Іс-шара соңында санитарлық норманы сақтай отырып оқушылар мектеп ауласына 10 түп шырша отырғызды.