Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Түлектердің игі дәстүрі

Сендер салған ағаштар

Ізгі іске бастар!

Үлестеріңе қосқан

Рақмет, түлек достар! 

Мектеп алаңқайына түлектердің ағаш отырғызу рәсімі игі дәстүрлердің біріне айналған. Түлектер қанат қағады, ал ағаштар жылдар бойы басқа оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді қуанышқа бөлейді. Болашақ туралы армандауға болады, бірақ армандарды өз қолымызбен жүзеге асырғанымыз жөн болар. Бұл тек жақсы дәстұр ғана емес, бұл нақты Істің бірі!

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ биылғы 11-сынып түлектері санитарлық нормаларды сақтай отырып, сынып жетекшілерімен бірге  «Алтын ұя» маңын көгалдандыру, туған қалашықтарын көркейту мақсатында ағаш көшеттерін отырғызып, өз үлестерін қосты.     2020 жылдың түлектері, сендерге сәттілік тілейміз! Ал мектеп жанына сендер еккен ағаштар өздерің жайлы жақсы естеліктерді біздің есімізге салатын болады!