Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Адалдық сағаты» онлайн-кездесуі өткізілді

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» акциясы аясында 1 маусым күні Оқушылар шығармашылық сарайы жасұландықтарының Өскемен қ. мәслихатының депутаты, «Шығыс – адалдық алаңы»  облыстық жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахытпен «Адалдық сағаты» онлайн-кездесуі өткізілді.

Балалар өздерін қызықтырып жүрген және қордаланып қалған сұрақтарын қоя отырып, Маржан Бахытпен болған тартымды әңгіме-сұхбатқа белсене қатысты. Кездесу қонағы өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Шара барысында Маржан Бахыт қазіргі таңда өзекті тақырыптардың біріне айналған жемқорлықтың алдын алу мен оның жолын кесудің жолдары бойынша өзі жүргізіп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Шара ойдағыдай өтіп, қатысушылардың көңілінен шықты.

Кездесу Zoom интернет-платформасында өткізілді, сондай-ақ «Жас Ұлан» БЖҰ РБҚБ қалалық комитетінің ресми парақшаларында таратылды.