Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Адалдық сағаты» өткізу туралы

№ 35 орта мектебінде 18 мамыр күні  5-11 сыныптарға арналған Республикалық бірыңғай  акция  «Адалдық сағаты» өткізілді. Сабақ  «Адалдықты насихаттаушы - ұлы Абай»  тақырыбында өткізілді. Сабақ барысында «Адалдық – ұлы Абай мұрасы» атты видео-лекция көрсетіліп, оқушылармен онлайн талдау жүргізілді. Сонымен қатар, сабақ барысында Абайдың шыншылдыққа тәрбиелейтін қара сөздері де айтылып, қазіргі заман адамына тән мінез -құлықтар сөз болды. Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам  талабы мен адамға қойылатын  талаптарды атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы постерлер мен коллаждар, суреттер салды.