Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Адалдық сағаты» атты республикалық акцияны өткізу туралы «№ 37 КОМ» КММ ақпараты 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және өскелең ұрпаққа адалдық, әдептілік, әділеттілік, сенім құндылықтарын сіңіру мақсатында 2020 жылғы 18 мамырда «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» атты тақырыпта біртұтас жалпы республикалық «Адалдық сағаты» онлайн түрінде өтті.

9-11 сынып оқушылары сыбайлас жемқорлық құбылысының пайда болу тарихын, бұл құбылысты әртүрлі уақытта, әртүрлі елдерде қалай жеңуге тырысқандары туралы білді. Бұл құбылыс адамдарға қандай әсер етеді және ол заңда қалай көрінеді. Оқушыларға сыбайлас жемқорлықпен күресудің қандай жолдары ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ойлану ұсынылды. Сынып жетекшісінің әңгімесі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген Ютуб-та бейне дәріс көрсетумен қатар жүрді. Оқушылар өз өмірдерінен мысалдар келтіріп, қойылған сұрақтарды талдап, бірге жауап іздеуге тырысты.

Іс-шара қызықты өтті. Балалар құбылыс тарихынан көп жаңалықтар білді, қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлыққа өз бағаларын берді. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттің ғана емес - бұл барлық азаматтардың мәселесі екендігі туралы қорытынды жасалды.
Іс-шараға барлығы 9-11 сыныптардың 117 оқушысы қатысты.