Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Birgemiz» волонтер жылына арналған «Жыл тәлімгері - 2020» қалалық байқауы өтті

2020 жылдың 26 ақпанында Оқушылар шығармашылық сарайында  «Birgemiz» волонтер жылына арналған «Жыл тәлімгері - 2020» кәсіби шеберлік қалалық байқауы өткізілді.

Аталған байқауды өткізудегі мақсат аға тәлімгердің кәсіби деңгейін, білім беру мекемелерінде балалар қозғалысымен жұмыс бойынша тәрбиелеу қызметіндегі рөлін көтеру болып табылды.

Өзінің кәсіби шеберліктері мен білімдарлықтарын  №2, 8, 20, 29, 42, 45, 47, 48, МОМ мектептерінің аға тәлімгерлері көрсетті.   

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: бас жүлде - В.А. Майер, «№29 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ аға тәлімгері, 1 орын – А.Е. Жұмажанова, «№ 45 бейімделген орта мектеп» КММ аға тәлімгері, 2 орын – С.М. Илимахунова, «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» аға тәлімгері, 3 орын – Н.И. Петухова, «Меновное орта метебі» КММ аға тәлімгері және Ә.Қ. Мошанова, «№20 орта мектеп» КММ аға тәлімгері, «Өз ісінің шебері» номинациясының жеңімпазы - Б.Е. Зайтенова, «№42 орта мектеп» КММ аға тәлімгері, «Жеңіске деген жігер үшін» номинациясының жеңімпазы - Д.М. Мурзашева, «№2 жалпы  білім беретін мектеп» КММ аға тәлімгері, «Жүрегімді балаларға беремін» номинациясының жеңімпазы - Ү.Ж. Қайырқанова, «№47 жалпы  білім беретін мектеп» КММ аға тәлімгері, «Тәлімгерлік ісіне адалдығы үшін» номинациясының жеңімпазы - Е.Е. Кульчакова, «№8 орта мектеп» КММ аға тәлімгері.

Өткізілген байқау қаладағы жалпы білім беру мектептерінде жұмыс істейтін тәлімгерлер өз ісін жетік білетіндігін, ісіне берілгендіктерін көрсетті. Байқауға қатысушылардың педагогикалық қызметіне оқушыларымен өзара түсіністік және нәтижелі ынтымақтастық тілейміз.