Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Тамыз кеңесінің пән отырысы «Жаңартылған білім мазмұнына байланысты әлеуметтік –психологиялық қолдау көрсету»

2019 жылдың 28-ші тамыз күні «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде» мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарларына және педагог-психологтарға арналған «Жаңартылған білім мазмұнына байланысты әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында тамыздық мәжіліс өтті.  Психологиялық ғылымның кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Психология және түзету-дамыту педагогика» кафедрасының профессоры И.К. Мацкевич және Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК Әлеуметтік-психологиялық қызметінің директорының орынбасары  Л. П. Куземко мен әлеуметтік педагогі А. П. Малонуха қатысуларымен секциялық мәжілістің құрметті қонақтары болды. Өз баяндамаларында өзекті мәселелерінің бірі ретінде мектепішілік әлеуметтік-психологиялық қызметтің  және отбасының тығыз байланыста болуы қажет екені жайлы атап өтті. Сонымен қатар № 3, 20, 24, 33 мектептердің педагог-психологтары жоғары аталған тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өскемен қаласының білім беру басқармасының әдіскері 2018-19 оқу жылында педагогтардың атқарған жұмыстарына есеп бере отырып, педагогикалық іс-әрекеттерінің оң және теріс жақтарын анықтай келе,   бірнеше ұсыныстар берілді.

Отырыс соңында жыл көлемінде іс-шараларға белсенді қатысқан педагог-психологтар алғыс хаттармен марапатталды.