Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

№48 мектеп-қосымша білім беру орталығының салтанатты ашылу өтті

1 қыркүйек күні Өскемен қаласында Уалиев атындағы көшеде 1000 орындық мемлекеттік тілде оқытатын №48 мектеп-қосымша білім беру орталығының салтанатты ашылу өтті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды осындай қуанышты оқиғамен құттықтап, оларға жаңа оқу жылында табыс тіледі. «Жаһандану мен жаңа технологиялар дамуы  дәуірінде бұл мектеп заманауи және бірегей білім мекемесі болады. Сіздер үшін жаңартылған 50 кабинет, 9 зертхана сыныптары есігін айқара ашады, балалар роботты техникамен, авиа және ракета модельдеумен, электротехникамен, радиотехникамен, техникалық модельдеумен, кеме жасаумен айналыса алады. Қазан айында біз 1000 орындық тағы бір мектеп, сонымен бірге 600 орындық қосымша жапсарлас кабинеттер ашамыз. Оқушылар мен ұстаздарға табыс пен сәттілік және бақытты мектеп күндерін тілеймін», -деп ШҚО әкімі атап өтті.

Мектеп оқушыларының ата-аналары жылы лебіздері мен алғыс сөздерін арнады.

«Мен төрт баланы өсіріп, тәрбиелеп отырған көпбалалы анамын. Балаларым қазақ тілінде оқытатын, үйімізге жақын осындай жаңа, әдемі мектепте білім алатынын естігенде отбасымызбен қуандық. Құрметті Даниал Кенжетайұлы, көпбалалы отбасыларға жағдайлар жасап, көмектесіп отырғанына мен үлкен аналық ризалығымды білдіремін, балаларым үшін қуаныштымын, мектепте тегін тамақтанады, тегін мектеп формасын берді, жазда сауықтыру лагерінде тегін демалып қайтты. Енді осындай заманауи мектепте жақсы білім алатын болады».

Жаңа мектептің символдық кілті мектеп директоры Чинар Тылегеновна Мажиноваға тапсырылды. Облыс әкімі бірінші сынып оқушыларымен бірге дәстүрлі лентаны қиып, барлықтарын жаңа мектеппен танысуға шақырды.  Даниал Кенжетайұлы STEM-зертханалардың, информатика кабинетінің, бастауыш сынып және ағылшын тілі кабинеттерінің, спорт және акт залының жабдықтармен жарақталу деңгейін бағалады.

Бұдан басқа, Даниал Ахметов «Nurorda» мектеп-лицейіне барып, балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Лицей оқушылары мен мұғалімдері қонақтарға «Intellectum» дамыту орталығын,  STEM зертханаларды, IT-кабинеттерді таныстырды.