Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Шығыс адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында 2019 жылы 17-18 маусымда Өскемен қаласының білім бөлімі білім басқармасымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қызметкерлерімен бірлесіп қаланың шалғай шағын аудандарына (Красин кенті, Ахмер кенті, 28-шағын аудан) барып ата-аналарға электронды цифрлық қолтаңбаны ресімдеуді ұйымдастырды. Шараға қаланың «№5 орта мектеп» КММ, «Ахмер орта мектебі» КММ, 28 тұрғын ауданның 170 ата-анасы қатысты. Болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналары осы шара аясында ЭЦҚ ресімдеп, дәл осы жерде, мектепте кеңесшілердің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында құжаттарды қабылдаудың электронды жүйесі арқылы бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш беруге мүмкіндік алды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қызметкерлері мектептердің IT - сыныптарында ата-аналарға онлайн режимде мемлекеттік қызметтерді алу бойынша оқыту семинарларын өткізіп, сондай-ақ ЭЦП көмегі арқылы басқа да қызметтерді алу мүмкіндігімен таныстырды.