Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Көктемгі Кіші Академиясы

11 сынып түлектерін қорытынды аттестаттау аясында «№ 12 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2019 жылдың 26-27 наурыз аралығында  Қысқы Кіші Академия өтті.

А.М.Мускенова (№ 1 мек.),  Қ. Т. Муратова (№ 16 мек.),  Т. В. Сердобинцева (№ 38 гим.), Т. М. Никифорова (МЕН)  сияқты қаланың тәжірибелі психологтары сабақты психологиялық тренинг өткізуден бастады.

 «Кіші Академия» барысында пән бойынша қиын сұрақтарды талдаудың, есептер шығаруда тәсілдерді қолданудың тиімді  жолдары туралы жаңа білім алды.

Сабақ үрдісінде түлектер топта жұмыс істей отырып,  пән бойынша тест шешудің өзіне тән белгілерімен,  математикалық сауаттылыққа байланысты логикалық есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерімен танысты. Мұндай жұмыс түрлері оқушылардың өздері үшін ішкі бақылауға дайындық негізінде  болашақта жұмыс істеулеріне жасаған қадамдары.

Жақсы алғысқа ие болған Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері: Т.Ш.Шаріпханов (№ 47 жм), Б.Б.Октябрь (№ 42 мек), Е.В.Смагина (№ 12 жм), математика мұғалімдері: К.С. Толбаева (№ 3 мл.), О.Д. Штейнле (№ 15 мек.), С.А. Бикенова (№ 16 мек.), И.В. Парфенова (№ 30 жм.), физика мұғалімдері:  А.А. Плеслова (№ 38 гим.),  А.А. Муртазалиева (№ 43 мл.), химия мұғалімі:  Б.М. Сейтказинова (№ 7 мек.), Н.К.Жунусова (№35 мек), биология мұғалімдері:  Б.З. Тулегенова (№16 мек), Т.А. Кузьмина (№24 мек), ағылшын тілі мұғалімі С.М. Скрипка (№10 МГ), қазақ тілі мұғалімі: К.С. Усанова (№ 22 мек) және басқалар. 

Оқушылар мен мұғалімдердің кездесулері барлық топтарда өте жайлы, достық қарым – қатынаста өтті. Оқушылар сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.