Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Кеңестік клуб

Тақырыбы: «МДҰ педагогтарын психологиялық қолдаудың белсенді түрлері»

«№ 21 «Айналайын» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тұлғалық даму және тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет әдіскері А.Д.Нугумарованың жетекшілігімен, педагог-психологтар  Е.П. Гейгер және Р.С.Иванованың қатысуымен «МДҰ педагогтарының психологиялық белсенді түрлері» атты кеңестік клуб ұйымдастырылды. Іс-шара қаланың мектепке дейінгі ұйым психологтарының жұмыс сапасын арттыруға бағытталды. Тақырыптың өзектілігі жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес, негізгі мақсаты – педагогтардың кәсіби шеберліктерін көтеру. Кеңестік клуб аясында педагогтармен интерактивті жұмыс тәсілдері мен әдістері қолданылды, эмоционалдық-тұлға аясының дамуы мен топтық жұмыс жасау машығына бағытталған  тренингтер өткізілді. Қатысушылар  іс-шара өткізуде бірігіп жасалған жұмыстың тиімділігін атап өтті.