Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жас мамандарға арналған семинар

2019 жылдың 20 ақпанында «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде» «Рухани жаңғырудың бастауы – зиялы жастар қолында» атты жас мамандарға арналған семинар өтті. Семинарға қала мектептерінен 35 жас маман қатысты.

Аталған шара мектептегі жас мамандардың ұйымдастыруымен өткізілді. Семинар барысында ашық іс-шаралар: үйірме жұмысы және математика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерінен ашық сабақтар топтамасы ұсынылды. Мектеп-лицейдегі «Жас мамандар мектебінің» жұмысы жайлы оқу ісінің меңгерушісі Дюсупова Лиза Сығаевна таныстырып өтті.

Жас мамандардың берген ашық сабақтарының мақсаты мен күтілетін нәтижесі айқын екенін айтуға болады. Жаңартылған білім мазмұны бойынша тапсырмалар сараланып беріліп, бағалау критерийлері мен қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрі жүзеге асты.

Семинар соңында жасалған рефлексия жас мамандардың өзара тәжірибе алмасуларына қажеттілік барын көрсетті.