Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Smart Еducation-Өскемен 2019» қалалық ІТ-форумының қорытындысы

2019 жылдың 26-27 ақпанында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ақпараттық технологиялар саласында дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған үздік IT-шешімдерді анықтау және қолдау мақсатында қала әкімі Ж.М.Омар бастамасымен Өскемен қаласында алғаш рет «Smart Еducation-Өскемен 2019» ІТ-форумы өткізілді.  

Форумға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 400-ден астам оқушылары қатысты, олар өздерінің дағдылары мен білімдерін түрлі бағыттарда көрсетті:  IT – жобалар байқауы,  ЗD моделдеу және бағдарламалау бойынша STEM-олимпиадасы және спорттық робототехника бойынша Чемпионат.

Бірінші күні ІТ-жобалар байқауында балалар өздерінің әзірлемелерімен бөлісті: Қазақтың  ұлттық әдет-ғұрпы бойынша 3D жобалар, латын әліпбиін үйренуге арналған электронды оқулық, «ақылды» жылыжай және т. б.

STEM-олимпиадасында 10 + және 14+ жастағы оқушылар ЗD моделдеу және бағдарламалау бойынша күрделі міндеттерді шешуде өз білімдерін көрсетті. Спорттық робототехника бойынша Чемпионат «Желі бойынша жарыс», «Сумо» және «Кегельринг» санаттарында өтті.

Екінші күні форумға қатысушылар мен қонақтар үшін оқушылардың үздік

IT-жобаларының көрмесі, «Робополигон» кибер – спорт алаңы, КазИнтерСервис, КазITGroup, Rating, Қазпошта және Қазақтелекомның IT-компаниялары мен ұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды.

Қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары үшін «Stem Academia» және

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ өкілдері ІТ-құзыреттілікті дамыту бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Форумның салтанатты жабылу сәтінде қонақтар мен қатысушыларға  арнап Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омар құттықтау сөз сөйледі, ол ІТ-форум аясындағы өткізілген іс-шаралар-бұл инновациялық технологиялар саласындағы ең ақылды және талантты балалардың байқауы ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақытта болашақ ғалымдарды, өз армандарын жүзеге асыра отырып, біздің бақытты болашағымызды құратын балаларды анықтау мүмкіндігін де атап өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Форумның демеушілері мен ұйымдастырушылары балаларды ноутбуктармен, планшеттермен, теледидармен, дрондармен, робототехника жиынтықтарымен марапаттады.

Форумның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Облыстық кезеңде қала командасын лайықты таныстыруды тілейміз!

Өскемен қаласы білім беру
бөлімі басшысының м.а. Ж. Айтпаева