Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Біздің Фиксики достарымыз

2019 жылдың 20 ақпанында  тәрбиеші  Куксина Илона Яковлевна «Біздің фиксики достарымыз» тақырыбында қалалық «Жыл тәрбиешісі-2019» байқауының аясында ашық  ұйымдастырылған оқу қызметін  өткізді. Балалар эксперименталды іс-әрекетте  білім, білік, дағдылық қабілеттерін  көрсетті.  Мультфильмнің кейіпкерлері («Фиксики») роліндегі балалар эксперименттер арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындады, болжамдар жасай отырып, тұжырымдар жасады, практикалық іске асыру арқылы дәлелдеді.

Балалар мультфильм кейіпкерлеріне көңіл аударып, олардың тапсырмаларын орындау  үшін бар күш-жігерін жұмсады, бұл ашық ұйымдастырылған білім беру іс-шараларын табысты жүргізуге көмектесті.

Тапсырмаларды орындау да белсенділік танытқаны үшін  «Жас ғалымдар» медалімен марапатталды.