Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

IT-жобалардың қалалық байқауы өтті

6 ақпанда №24 орта мектебінде қалалық мектептердің оқушылары арасында IT-жобалардың қалалық байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды балаларға зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау. Сайысқа 50-ден астам оқушы қатысты, олар әлеуметтік салада, білім және SMART технологиялар салаларында  37 жобаны ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша 12 үміткер өздерінің үздік IT-жобаларын ұсынып, екінші кезеңге өтті. Байқаудың екінші кезеңі 2019 жылдың 19 ақпан күні өтеді. Барлық үміткерлерге сәттілік пен жеңіс тілейміз.