Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"The Beauty of English Poetry" атты қалалық мәнерлеп оқу байқауы

2019 жылдың 25 қаңтарында «№15 орта мектебі» КММ базасында ағылшын тіліндегі «The Beauty of English Poetry» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау жастар үшін эстетикалық мәдениет пен ағылшын тіліндегі поэзияның көркемдігін тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Байқауға екі жас санатында 3-4 сыныптар, 5-6 сыныптар оқушыларынан   82 бала қатысты. Жас таланттар шеберлігі мен орындаушылық қабілетін бағалайтын қазылар алқасын бағындыра алды. Екі жас санатында байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Алтынгазинова Айым (№ 44 лицей), Жумагазинова Жанерке (№ 43 мектеп-лицейі) , 1 орынды Ғабит Аружан (№ 46 орта мектеп), Ильиных Елизавета (№19 ҚББМО) жеңіп алды.  2 орынды - 4 оқушы, 3 орынды - 6 оқушы иеленді. Байқаудың жеңімпаздары білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.