Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Таланттар шоқжұлдызы" байқауының бірінші кезеңі өтті

Өскемен қаласында Жастар жылын мерекелеу аясында білім бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлескен жобасы "Таланттар шоқжұлдызы" атты эстрадалық ән байқауы басталды.
Қала мектептерінің 2000 балалары мен жасөспірімдері вокалдық өнерде өз өнерлерін көрсетті.
Іріктеу кезеңдері 26, 30 қаңтар және 1 ақпан аралығында, 2 жас санаты бойынша: (7-13 жас, 14-17 жас) өтті.
2, 11, 16, 23, 33, 36, 37 , 38, 44 қала мектептерінен, қосымша білім беру ұйымдарынан Балалар Шығармашылық Сарайынан, Балалар музыка мектебінен,  " Жігер " БЖК, 15, 24," Жұлдыз " өнер мектептерінен 30 қатысушы екінші турға өтті
2019 жылы 9 ақпанда Металлургтер мәдениет сарайында 1 турдың жеңімпаздары мен қонақтарын 2 турға күтеміз.