Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қазақ тілін заманауи әдіс - тәсілдер арқылы оқыту - мектеп тәжірибесінде»

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ шаңырағында 2019 жылдың 23 қаңтарында, қазақ тілі  мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілін заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқыту – мектеп тәжірибесінде» тақырыбында қалалық  семинар-практикум болып өтті.  

Семинардың мақсаты: орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында заманауи  әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тілдік дағдыларды дамыту. Семинарға  қалалық білім бөлімінің әдіскері З. Скакова, қала  мектептерінің оқу ісінің меңгерушілері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында психологиялық тренинг, ашық сабақтар көрсетілді.1-ші сыныпта М. Смагулова,  4-ші сыныпта Г. Мунусова, Д. Ахмадиева, 9-шы сыныпта  Б. Жоламанова, 11-ші сыныпта Л. Нургалиева ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізді. Аталған сабақтар қатысқандар тарапынан жоғары бағаға ие болды.