Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Дөңгелек үстел:  Қала жастары және жастар саясаты:   жастардың   бастамаларын  дамыту және өсу мүмкіндіктері

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының  өсуі:  табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Н.А. Назарбаевтың  жолдауын түсіндіру.

2019 ж. 31 қаңтарда  сағат 16.00  Оқушылар шығармашылық сарайында «Қала жастары және жастар саясаты:   жастардың   бастамаларын  дамыту және өсу мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасы  Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауын «Қазақстандықтардың әл-ауқатының  өсуі:  табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»   негізгі   қағидасын  «Жас Ұлан»  балалар мектеп қозғалысының қатысуымен  түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі  .

Ұйымдастырушылар:  «ШҚО Өскемен қаласы Білім беру бөлімі» ММ, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК.

Мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» негізгі қағидасын талқылау, жастар  жылына арналған, іс-шара өткізу аясында. 

Дөңгелек үстелде  «Жас Ұлан» балалар мектеп қозғалысы көшбасшылары,  7-11 сыныптардың оқушылары қатысады. Талқылау қатысушыларды жаңа Жолдаудың  алғышарттары және оның негізгі қағидасын таныстырумен  басталады. ҚР Президентінің жолдауы бойынша бейнефильмді көргеннен кейін іс-шараға қатысушылар Президент тапсырмасын орындау кезінде қала мектептерінің рөл және өз қаласының әл-ауқатын жақсарту туралы  пікірталас өткізеді. Барлық қатысушыларға  Жолдауының негізгі тезистерімен ақпараттық парақшалар ұсынылатын болады.