Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Оқушылар шығармашылық сарайында  «Сыр сұхбат» жоба аясында оқушылардың кездесуі өтті

2019 жылдың 25 қаңтар күні Оқушылар шығармашылық  сарайында  «Сыр сұхбат» жоба аясында қала мектептерінің оқушылары Өскемен қаланың әкімшілік сотының судьясы Бақыт Уалиевамен кездесті.   Кездусуге  150 оқушы қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жастардың  құқықтық санасын  және азаматтық-құқықтық мәдениетін  арттыру.

Бақыт Уәлиева Халықаралық даму жөніндегі американдық агенттіктің жаппай жекешелендіру жобасының заңгерінен бастап, Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы, бастықтың м. а., одан кейін жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік - құқықтық актілерін тіркеу және бақылау бөлімінің бастығы және басқа лауазымдарды атқара отырып, үлкен еңбек даярлығынан өтті.

        Оқушылар сот жұмысы тұралы жаңа мағлұмат алып, сұрақ қойды. Белсенді диалог өтті.