Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының Өскемен бірлестігі" МКҚК ЮНЕСКО клубы

Баспасөз-хабарландыру

"Мейірімділік деген не..." атты балалар бейнелеу шығармашылығының көрмесі

2019 жылы 23 қаңтарда "Өскемен қаласы әкімдігінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының Өскемен бірлестігі» МКҚК ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясының Республикалық акциясы аясында «Мейірімділік деген не...» атты балалар бейнелеу шығармашылығының байқау-көрмесін өткізеді. Көрме сағат 15.00-де Островский көшесі, 16/1 мекен-жайында орналасқан "Жігер" шығармашылық орталығында өтеді.

Көрме ұйымдастырушылары балалардың санасында "мейірімділік" ұғымын қалыптастыру; адамдар арасындағы оң қарым-қатынасты қалыптастыру үшін маңызды жеке тұлғаның жағымды қасиеттерінің маңыздылығын; топ ішіндегі сенім мен балалар ұжымының бірлігін арттыруға бағытталған тілектестік атмосфераны қалыптастыру міндеттерін қояды.

Көрме жұмыстарының авторлары - балалар өз жұмыстарына рецензия алуға, табыс құпиялары туралы білуге, бағалы кеңестер тыңдауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндіктері бар.

            Ашылу салтанаты Аблакетка кентінің балалары мен ата-аналары, "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубы бірлестігінің педагогтары, қала мектептерінің мұғалімдері арасында диалогтық алаң форматында өтеді.

"Жігер" шығармашылық орталығының "Палитра" балалар шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Людмила Николаевна Молостова өзінің білім алушыларының жұмысын ұсынып, өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөліседі.

Іс-шараны өткізу кезінде "Жігер" шығармашылық орталығының білім алушылары - "Шоқжұлдыз" би ұжымы және "ДоМиСолькалар" вокалдық студиясы өз шығармашылығымен бөліседі. Соңында балаларды музыкалық және қозғалмалы ойындар күтеді.

Көрме ұйымдастырушылары Өскемен қаласының балаларын, жасөспірімдерін, жастарын "Мейірімділік деген не..." атты бейнелеу шығармашылығы көрмесіне қатысуға, "Жылды жақсыдан баста" республикалық акциясын іске асыруға белсенді қатысуға, бірінші кезекте гүлденген, қазіргі заманғы, мықты мемлекеттің лайықты азаматы болу үшін жеке тұлғаны дамыту және жеке әлеуетін арттыру үшін шақырады.

Байланыс тел: Ольга Михайловна Ботвина 22-58-81