Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ЖМБ мұғалімдер семинары

Қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша «№ 3 Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ «ОЖСБ-ға дайындық. Математикалық сауаттылық есептерін талдау» атты қалалық семинар болып өтті. Семинарға түлектерге сабақ беретін барлығы 54 математика және физика мұғалімдері қатысты. Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Е.Т. Акитбаев алып, мектеп жетістіктерімен таныстырды.
Өз іс-тәжірибелерінен шебер-сынып көрсеткен математика мұғалімдері: А.Т.Ахметжанова, Б.М.Сахариева, Г. Е. Касенова, А. К.Касакаева, Г.Т. Кенжебаева, физика мұғалімдері: К.Т. Башабаева, Г.Зейнелхан.
Математика және физика бойынша шығару жолдары күрделі есептерді талдауға ерекше көңіл аударылды.
Геометриялық есептерді шығару мектеп курсында көп кездеспегендіктен, тек қана олимпиаларда берілетін болғандықтан, мұндай есептерді шығару математика мұғалімдерінің қызыушылықтарын арттырды. Есептердің алгоритмін құрауды, шешу тәсілдерін табуды мұғалімдер өздеріне өзекті мәселе етіп қойды.
Семинарға қатысушылар мұндай жоғары дәрежеде өткен шебер-сыныптар қорытынды аттестаттауға, оқушылар жетістіктерін сырттай бағалауға және ұлттық бірыңғай тесттілеуге дайындаудағы өзекті мәселені шешу жолдарының бірі екендігін атап көрсетті.