Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Халық музыкасының дәстүрін жаңғырту» атты қазақ халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің фестиваль-байқауы

2018 жылдың 7 желтоқсанында білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Халық музыкасының дәстүрін жаңғырту» атты қазақ халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің фестиваль-байқауы өткізілді. Оның негізгі міндеті – қазақ халық өнерінің мәдени-тәрбиелік, ағартушылық және адамгершілік дәстүрлерін сақтау және дамыту.

Төрт жыл бойы фестиваль-байқау Абай атындағы № 33 орта мектебінің ғимаратында өтеді, байқаудың бастамашысы қалалық білім бөлімі және № 24 балалар өнер мектебі болып табылады.

Мерекелік бағдарламаны облыстық ақындар айтысының жеңімпазы Ерасыл Ермекұлы ашып, «Арнау» орындады.

Барлық қатысушылар толқу үстінде болды, айырықша костюмдер, өнер мектебінің оқытушылары мен оқушыларының сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының көрмесі, сахнаның әсем безендірілуі сәттің салтанаттылығын көрсетті.

Жас музыканттар ұлттық костюмдерде аспаптарды реттеп, өздерінің оқытушыларынан соңғы нұсқауларын алып, сахнаға №22, 24, 27, 33, 44, 45 қала мектептері және № 15, 24, «Жұлдыз» өнер мектептері шықты. Үздік күйлер мен халық әндері аспаптық өңдеуде балалар оркестрі мен ансамбльдерінің орындауында шырқалып, қазақ ұлттық мәдениетіне ата-аналар мен «Шығыс» кентінің тұрғындарын, қала мектептерінің директорлары мен мұғалімдерін тартты. Республикалық және облыстық байқаулардың лауреаты, ҚР музыка қайраткерлері одағының мүшесі У.Ж. Жунусов, қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Н. Тюлюкова, «№ 45 бейімделген орта мектебі» КММ директоры О.Р. Тлеукенов, «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК домбыра сыныбының аға оқытушысы Г.М. Икимановадан құралған жоғары кәсіби қазылар алқасы, С.К. Курмангалиевтің басшылығымен Абай атындағы № 33 орта мектебінің «Асыл мұра» қазақ халық аспаптар оркестріне және № 44 лицейдің «Аққу» домбыра ансамбліне, жетекшісі М.Т. Суттыбаева бас жүлдені бірауыздан берді.

Жүлделі орындармен «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Күншуақ тобы» қобызшылар ансамблі, жетекшісі Б.Т. Сахариева және № 24 БӨМ сазсырнай ансамблі, жетекшісі Н.Т. Курмангалиеваның жарқын және есте қаларлық орындаулары атап өтілді. Қазылар алқасының жұмысы кезінде, байқау қатысушыларына № 24 өнер мектебі тәрбиеленушілерінің үздік музыкалық және хореографиялық нөмірлері ұсынылды. Фестиваль-байқаудың соңында барлық қатысушыларға мадақтамалар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Балаларды қазақ өнеріне баулу, жанрлардың өзара әрекеті арқылы отаншылдық және адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу, сәндік-қолданбалы, музыкалық, хореографиялық шығармашылықты дамыту міне, бұл жас қазақстандықтарды, еліміздің болашағын дамытудың векторы болып табылады.