Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Деңгейлік мұғалімдерінің V форумы өтті

2018 жылы 25 сәуірде «№30 жалпы білі беретін мектебінде» КММ Өскемен қаласының деңгейлік мұғалімдерінің Бесінші мерейлік форумы өтті. Өскемен қаласының педагогикалық шеберлік орталық филиалының директоры Зейнолдина Г. Т., әдістемелік қалалық кабинетінің м.а. меңгерушісі Кенжебаева А. Т., қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Жондыбаева М.С, Мадиярова Л.М., қала мектептерінің деңгейлік мұғалімдері форумға қатысты

Форумның бірінші бөлімінде шығармашылық зертханасының әдістемелік жұмыстарының  көрмесі өтті. Көрменің қорытындысы бойынша бірінші орын – ЖҒЦ мұғалімдерінің зертханасы, , жетекшісі Бапинова А.Т. Екінші орын – қоғамдық пән мұғалімдері, жетекшісі - Барсукова А.В. және ЖҒЦ мұғалімдері, жетекшісі Чуембаева Э.Ш. алды Орыс және қазақ оқыту тілдері бастауыш мұғалімдерінің шығармашылық зертханасына, жетекшісі - Андреева М.Н., Кададанова К.З., және қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің шығармашылық зертханасына, жетекшісі -Ибатаева И.А. комиссия шешімі бойынша үшінші орын берілді. Ағылшын тілі мұғалімдерінің шығармашылық зертханасы, жетекшісі -Лабукова И.Ю, көрермендер жүлдесіне ие болды.

Форумның екінші бөлімінде сертификатталған мұғалімдерінің 5 жылғы жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Өскемен қаласының ең белсенді қоғамдастық мұғалімдерін  ҚБББ мадақтамасымен марапаттады. Пән зертханасының мұғалімдері 5 жылғы жұмыстарының қорытындысын шығарды, мұғалімнің қиын жұмысы  туралы ән айтып, өлең оқып, дастан, мысалдар, қысқа өлеңдер шығарып көңілді өткізді.

Форумның үшінші бөлімінде зертханалар «Бұл қызықты, пайдалы, өзекті» тақырыбы бойынша жұмысын ұйымдастырды. Әр зертхана өз мұғалімдерін марапаттады.