Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің негізін қалаушы ұлағатты тұлға- Нәзипа Құлжанова» тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік семинар

Қалалық  білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» бөлімінің ұйымдастыруымен №11 «Айгөлек» балабақша-бөбекжайында 19.03.2018 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің негізін қалаушы ұлағатты тұлға- Нәзипа Құлжанова» тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты:

·        Н. Құлжанованың өмірі мен еңбек жолдарын педагогтарға таныстыру.

·        Мектепке дейінгі білімнің бұрынғы деңгейі мен қазіргі деңгейін салыстырмалы түрде қарастыру.

·        Қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарының құзіреттілігін әр-түрлі тәжірибе алмасу семинарлары арқылы арттыру.

Қалалық білім беру бөлімінің «мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бөлімінің» әдіскері Құсаинова Г.М. барша семинарға қатысушыларды «Наурыз мерекесімен» құттықтай отырып, Н. Құлжанованың 130-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-әдістемелік семинарды ашық деп жариялады».

Құттықтау сөз: Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінің «Бастауыш білім беру кафедрасының» аға оқытушысы, магистр Макшиева Г.К. берілді. Гүльмира Құрманбайқызы Назипа Құлжанованың мектепке дейінгі білім туралы жазған еңбектерін атап өтті. Бірлескен тәжірибе алмасу семинарларының көптеп ұйымдастыруды ұсынды.

Семинардың мақсатына сүйене отырып, қалалық білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бөлімінің» әдіскері Құсаинова Г.М мемлекеттік тілде және №36 «Орта мектеп» аясында орналасқан шағын орталық әдіскері Рюмина А.В. орыс тілінде семианар тақырыбын ашып көрсетті.

Семинар 3 секцияға бөлінді.Бірінші секция: «Н.Құлжанова –мектепке дейінгі тәрбиенің жанашыры», екінші секция: «Жаңартылған білім беру мазмұны-білімсапасын арттырудың негізгі кепілі», үшінші секция «ХХ ғасырда құрылған мектепке дейінгі білімнің дамуы мен қазіргі деңгейі».

Барлық секция жұмысында баяндамалар оқылып, әр бір секцияда талқылау болды. Туындаған мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Секция жұмысынан кейін барлық семинараға қатысушылар музыка залына жиналды.

Қалалық білім беру бөлімінің «Жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбие және оқыту секторының» бас маманы Ережепова А.К. семинар мақсатына жеткенді жайлы айтылып, педагогтармен тәжірибе алмасу семинарлары жылына екі рет өткізіліп отыратындығы жайлы айта отырып, семинарға қатысушыларға қалалық білім беру бөлімінің сертификаты табысталды.

Семинарды қортындылай келе Өскемен қаласы әкімдігінің №6 «Күншуақ» және Өскемен қаласы әкімдігінің №15 «Рахат» балабақша бүлдіршіндерінің шағын концерттік бағдарламасын тамашалады.